Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Жүгіру жолы
«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Құжаттарды қабылдау мерзімі : 26.08.  - 04.09.2025 ж

Қажетті маман

Оқыту тілі

Жүктеме

Жалақы мөлшері

Мерзімі

1

Мектеп алды даярлық тәрбиешісі

орыс тілі

1 жүктеме

125 000 -137 000 тг.

тұрақты

орын

«Ақтөбе қаласының № 5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын  негізге ала  отырып, 2025-2026 оқу жылына қажетті мамандарды  қабылдауға конкурс жариялайды.

  • Өтетін орны: “Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ, Гастелло 51 мектептің бос лауазымдар туралы ақпараттар жұмыспен қамту орталығының “ kz” сайтына, мектептің sh_5  ресми сайтында  жарияланады. Пошталық мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.,  Байланыс нөмірі 87132731584. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
  • Конкурсқа қатысатын педагогтепрге міндетті құжаттар тізімі:
  • осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

  1. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.