Жүгіру жолы
Кіру
AA+
«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Жүгіру жолы
«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурсы

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 31.10.2025 - 10.11.2025ж.

Қажетті маман

Жүктеме

Жалақы мөлшері

Мерзімі

1

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

1 жүктеме

175 000 тг- 200 000 тг

тұрақты

 

2

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

1 жүктеме

175000 тг-200 000 тг

тұрақты

 

3

Тәлімгер

1 жүктеме

110000 тг-120000 тг

тұрақты

4

Әлеуметтік педагог

0,5 жүктеме

60000 тг – 65 000 тг

тұрақты

5

Логопед

1 жүктеме

110000 тг-120000 тг

тұрақты

6

Педагог-ассистент

1 жүктеме

110000 тг-120000 тг

уақытша

7

Педагог-ассистент

1 жүктеме

110000 тг-120000 тг

уақытша

8

Дене шынықтыру пәні мұғалімі

9 сағат

100 000 тг-110000 тг

уақытша

«Ақтөбе қаласының № 5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып, 2025-2026 оқу жылына қажетті мамандарды қабылдауға конкурс жариялайды.

  • Өтетін орны: “Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектебі” КММ, Гастелло 51 мектептің бос лауазымдар туралы ақпараттар жұмыспен қамту орталығының “ enbek.kz” сайтына, мектептің sh_5 ресми сайтында жарияланады. Пошталық мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Байланыс нөмірі 87132731584. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
  • Конкурсқа қатысатын педагогтепрге міндетті құжаттар тізімі:
  • Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасар қызметіне біліктілікке қойылатын талаптар

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

  • осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

  1. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.